3.2 Бу турбиналарының классификациясы

 

Құрылысы, жылу үрдістері, қолданылуы бойынша турбиналардың келесі түрлері іріктелген:

1. Қысым сатылары бойынша:

а) бірнеше жылдамдық сатысы бар бір сатылы турбиналар, көбінесе олар сорғы, желдеткіш жұмыстарында қолданады;

ә) активті және реактивті типті көп сатылы турбиналар, олар кіші, орташа және жоғары қуатты болады.

2. Бу жылжу бағыты бойынша:

а) білікті турбиналар, бу турбина бойымен жүреді;

б) радиалды турбиналар, бу турбина білігінен перпендикуляр бағытта жүреді.

3. Корпус (цилиндрлер) сандары бойынша:

а) бір корпусты (бір цилиндрлі);

б) екі корпусты (екі цилиндрлі);

в) үш корпусты (үш цилиндрлі);

г) төрт корпусты (төрт цилиндрлі).

Көп цилиндрлі турбиналар бір генераторға бірінен кейін бірі жалғанса - бір білікті, біліктері бір біріне параллель жалғанса – көп білікті турбина деп аталады.

4. Реттелу тәсілі бойынша:

а) дроссельмен реттелетін турбина;

б) сопломен реттелетін турбина;

в) айнымалы реттеуі бар турбина.

5. Бу әсері бойынша:

а) активті турбиналар, онда будың потенциалды энергиясы кинетикалық айналады;

б) білікті реактивті турбиналар;

в) қозғалмалы қалақшалары бар радиалды реактивті турбиналар;

г) қозғалмайтын қалақшалары бар радиалды реактивті турбиналар.

6. Жылу үрдісі бойынша:

а) регенерациялы конденсациялық турбиналар;

ә) әр сатыда алатын буды реттеп отыратын конденсациялық турбиналар;

б) қалдық буларын жылытуға қолданатын, қарама-қарсы қысымды турбиналар;

в) қалдық буларындағы орта қысымды турбиналарда қолданатын, қарама-қарсы қысымды алдын - ала іске қосылған турбиналар;

г) қалдық булары жылытуға қолданылатын, аралық сатыдағы қарама-қарсы қысымды турбиналар;

д) қалдық булары – автоматикалық балға, пресс, бу поршень машиналарына энергия беретін турбиналар;

е) қалдық булары қолданылатын, екі, үш түрлі қысымды аралық турбиналар.

7. Жаңа бу параметрлері бойынша:

а) қалдық булары қолданылатын, төмен қысымды 1,2-2Па турбиналары;

б) қалдық булары қолданылатын, орта қысымды 40Па турбиналары;

в) жаңа булары қолданылатын, жоғары қысымды (40Па –тен жоғары) турбиналары;

г) аса жоғары қысымды (170Па–дан жоғары) және 650°С температурадағы турбиналар;

д) аса жоғары қысымды (235 Па –тен жоғары) турбиналар.

8. Халық шаруашылығында қолдануы бойынша:

а) электрлі генератор жетегіне арналған, қозғалмайтын (стационарлы), тұрақты айналымды турбиналар;

б) ауа үрлеуіштерге, желдеткіштерге, сорғыларға және т.б. арналған, қозғалмайтын ауыспалы айналымды турбиналар;

в) кеме, локомотив турбиналарына арналған орнынан қозғалатын ауыспалы айналымды турбиналар.

Барлық турбиналар қолдану мақсатына байланысты түрлі жұмыс машиналарына жалғанады.

Бу генераторының негізгі параметрлері. Өнеркәсіпте кең қолданатын турбиналардың түрі: қарама-қарсы қысымды турбиналар. Олардың қалдық булары жылытуға қолданады Турбина қуаты одан өтетін бу қысымына байланысты болып келеді. Сондықтан олар конденсациялық турбиналармен қоса қолданылады. Көбінесе олар суық мерзімде ғана жылу беру үшін іске қосылады. Бұл турбиналардың құрылымы конденсациялыққа қарағанда қарапайым болып келеді. 3.5 - суретте қарама-қарсы қысымды турбиналардың реттелу сүлбесі көрсетілген.

3.5-сурет. Қарама-қарсы қысымды турбиналардың реттеу сүлбесі

 

Турбина қызып жатқан кезде қысым реттеуші 1 қосылмайды. Ортадан тепкіш реттеуші муфтасы 3 төменгі жағдайда, ал поршень керсінше – жоғарғы, ал клапан жабық болады. Реттеу жүйесі мен подшипниктерге май турбосорғымен келеді. Жаңа буды реттеу клапаны 4 толығымен май қысымы арқасында ашылады. Турбина ысыған сайын бумен толтырылады, оның айналуы күшейеді. Ортадан тепкіш реттеуші 2 іске қосылады да турбина «бос жүрісті» режиміне ауысады. Одан кейін клапан 5 толығымен ашылады. Турбогенератор іске қосылады да, бойына энергетикалық жүктемені алады. Қысым реттеуші 1 қоса жұмыс атқарады.